NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Карин Тремблей

ЭЫДҰ жетекші талдаушысы, TALIS жобасының менеджері, ЭЫДҰ Білім беру және дағдылар директораты, Франция

_________________________________________________________________________________________________
Карин Тремблей Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) білім беру және дағдылар директоратында 2001 жылдан бері жұмыс істейді. 2014 жылдың қыркүйегінен бастап TALIS халықаралық оқыту және оқуды зерттеуге жауапты. Карин Тремблей жоғары білім берудегі саясаттарды жетілдіру саласында аға сарапшы болып жұмыс істеген. Бұған дейін ол жоғары оқу орындарындағы оқу нәтижелерін бағалау жобасына жауапты болды, жоғары білім беру туралы тақырыптық шолудың талдаушысы болды және «Әлемдік білім беру көрсеткіштері» бағдарламасын (2001-2004 жж.) басқарды. Ол оқушылардың жинақтылығы, білім берудің экономикалық өсуге әсері, дамушы елдердегі бастауыш мектептер үшін сауалнама жетілдіру және Еуропа, Қытай және Үндістандағы салыстырмалы білім беру үрдістері туралы жазды. Карин даму экономикасының докторы (Париждегі Пантеон-Сорбонна университеті). Оның мамандану салалары — интернационализация және сапаны бақылау саясаты, сонымен қатар жоғары білім берудегі реформаларының саяси экономикасы.

XI Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 24-25 қазан 2019 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

TALIS 2018: тұрақсыз әлемде мұғалім мамандығын қолдау. Халықаралық перспективадағы Қазақстан үшін негізгі хабарламалар және алғашқы нәтижелер

Баяндама білімге әсер ететін ғаламдық тенденцияларға және олардың оқушыларға, мұғалімдерге және білім жүйесіне тигізетін әсеріне шолудан басталады. Өзгеретін парадигманың негізінде ең ірі халықаралық мұғалімдер мен мектеп басшыларының жұмысын зерттейтін TALIS жобасы осындай маңызды сәтте саясаткерлерге қалай көмектесе алатындығын көрсетеді. Баяндамашы қатысатын елдердің тұрғысынан TALIS 2018, үшінші зерттеу циклінің негізгі сипаттамаларын ұсынады. Сонымен қатар әлемнің 48 мемлекет пен экономикасының мұғалім кәсіптік білімнің ғаламдық көрсеткіштерін ұсынуға мүмкіндік беретін TALIS 2018 қамтылған тақырыптарды ұсынады. Содан кейін негізгі назар жүйеміздің мықты жақтарын анықтау, сонымен қатар алдағы жұмыс бағыттарын айқындау мақсатында Қазақстандағы TALIS 2018 сауалнамасының алғашқы нәтижелері мен қорытындыларына аударылады. Баяндаманың соңында саясатты әзірлеу, мұғалімдерді кәсіби қызметінде қолдау, жүйені бақылау немесе реформалау үшін әлеуетті бағдарлар белгіленеді.