NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы
Жүзден жүйрік спикерлер
Баяндамашылар
Ричард Фелпс
Ричард Фелпс – Канада және АҚШ мектептері Ассоциациясындағы Зерттеу және Стратегиялық ресурстар директоры, US Fulbright академиялық мәселелер бойынша маманы.
Вашингтон, Индиана және Гарвардт университеттерінен бірнеше ғылыми дәрежелер мен Пенсильвания Университетінің Уортан бизнес мектебінен PhD дәрежесін алған. Сонымен қатар Ричард Фелпс Психофизика Зертханасының мүшесі және Білім беру тестілеу қызметі, Білім берудегі қаржы және саясат Ассоциациясы мен АҚШ Білім беру департаментінің Ұлттық білім беру статистикасы орталығы гранттарына ие болған. Мемлекеттік секторының білім берудегі зерттеу мен саясат саласының жергілікті (Вашингтон), штат (Индиана), федералдық (АҚШ, Мемлекеттің есеп берукеңсесі), халықаралық (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы), жекеменшік (ACT, Westat, and Pearson Evaluation Services) деңгейлерінде қызмет атқарған.Фелпс Батыс Африкада ораналсқан Буркина Фасо мемлекетіндегі орта мектепте математика пәнінен сабақ берген. Сонымен қатар, ол тестілеуді стандарттау бойынша төрт еңбектің, бірнеше статистикалық жинақтар мен көптеген академикалық журналдардың авторы және редакторы. Ричард Фелпс Nonpartisan Education Group (саяси емес білім беру тобының) негізін қалаушы және Nonpartisan Education Review журналының редакторы. Қазіргі уақытта Фелпс АҚШ, Солтүстік Каролина штатының Эшвилл қаласында тұрады.