NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Ричард Фелпс

Ричард Фелпс – Канада және АҚШ мектептері Ассоциациясындағы Зерттеу және Стратегиялық ресурстар директоры, US Fulbright академиялық мәселелер бойынша маманы.

Вашингтон, Индиана және Гарвардт университеттерінен бірнеше ғылыми дәрежелер мен Пенсильвания Университетінің Уортан бизнес мектебінен PhD дәрежесін алған. Сонымен қатар Ричард Фелпс Психофизика Зертханасының мүшесі және Білім беру тестілеу қызметі, Білім берудегі қаржы және саясат Ассоциациясы мен АҚШ Білім беру департаментінің Ұлттық білім беру статистикасы орталығы гранттарына ие болған. Мемлекеттік секторының білім берудегі зерттеу мен саясат саласының жергілікті (Вашингтон), штат (Индиана), федералдық (АҚШ, Мемлекеттің есеп берукеңсесі), халықаралық (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы), жекеменшік (ACT, Westat, and Pearson Evaluation Services) деңгейлерінде қызмет атқарған.Фелпс Батыс Африкада ораналсқан Буркина Фасо мемлекетіндегі орта мектепте математика пәнінен сабақ берген. Сонымен қатар, ол тестілеуді стандарттау бойынша төрт еңбектің, бірнеше статистикалық жинақтар мен көптеген академикалық журналдардың авторы және редакторы. Ричард Фелпс Nonpartisan Education Group (саяси емес білім беру тобының) негізін қалаушы және Nonpartisan Education Review журналының редакторы. Қазіргі уақытта Фелпс АҚШ, Солтүстік Каролина штатының Эшвилл қаласында тұрады.

VIII Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 27-28 қазан 2016 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

Бағалау жүйесін құрастыру

Егер де біз қазір стандартталған тесттерді ешбір дайындық пен бейімділіксіз құрастырсақ, оларды қалай пайдаланар едік? Есте сақтайтын ең маңызды жәйт – бұл тесттердің барлығы бірдей емес, олар көлемі, форматы, мазмұны және мақсатына байланысты түр-түрлерге бөліне береді. Бір тест бір жерде сәйкес болса басқа жерде сәйкес болмауы мүмкін. Ал егер егер білім беру саласындағы осы барлық тексттерді бірге жинау арқылы қоғамға пайда алып келетіндей жүйе құрастырсақ ол қандай болмақ? Тесттердің қай түрі қайда және қашан қолдану керек? Баяндама осы сүрақтарға жауап бере отырып бір ғана дұрыс, оңай жауаптың жоқ екендігін пайымдайды. Баяндама барысында осы мәселе бойынша жүргізілген көптеген зерттеу нәтижелері айтылып отырады, әсіресе соның ішінде когнитивті психологтардың еңбектеріне ерекше тоқталады. Тақырыптар Когнитивті жүктеме теориясы (белгілі бір түсінікті оқытқанда материалды оқығалы жатқан адамның деңгейі мен материалдың қиындығын ескере отырып оқу материалдарын құрастыруда ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдану); кері байланыстың әр түрлі түрлері; мүдделілер мен қауіпсіздіктің ара қатынасы; ақпаратты жаңғырту, орналастыру, басқа ақпаратпен араластыру (interleaving) және басқа да когнитивті ғылым түсініктері; тест форматының (таңдау мүмкіндігі бар жауаптар, құрастырылған жауап, шынайы және т.б.) рөлі және жалпы бағалаудың оқушылардың зияткерлік дамуындағы рөлі аясында болмақ.