KERA Халықаралық Конференциясы
Жүзден жүйрік спикерлер
Баяндамашылар
Гульбахыт Менлибекова
Педагогика ғылымдарының докторы (Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), профессор (Еуразия ұлттық университеті), педагогикалық білім беру халықаралық ғылым академиясының (Ресей) академигі.
Кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі саласындағы ғалым Менлибекова Г.Ж, сан алуан зерттеулер жүргізді . Оның көптеген мақалаларында білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің әдіснамалық мәселелері талқыланды. 1983 жылы «Педагогика және психология» мамандығы бойынша І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын үздік дипломмен бітірді. Қазақ КСР-ның Білім және ғылым министрлігінің жолдауымен, ол І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтында мұғалім болып жұмыс істеді. 1986 жылы КСРО педагогика ғылымдары академиясында (Ресей) оқыды. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ білім беру және тәрбиелеу факультетінің деканы, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің қолданбалы ғылымдар факультетінің деканы, АО «Қаржы академиясы», І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің, Еуразия гуманитарлық институтының кафедра меңгерушісі, ректор кеңесшісі және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жоғары мектебінің ғылыми-зерттеу институтының директоры болып қызмет атқарды. Оның жетекшілігімен педагогика және психология саласында 15 ғылым доктор мен кандидат өз жұмыстарын қорғады. Ол білім беру бойынша 4 ғылыми-зерттеу жобаларына қатысты.