NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Асылбек Қожахметов

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (1980 ж., үздік бітірген), механика және қолданбалы математика факультетін бітірген. 2010 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша үздік бітірген. 2011 жылы Мәскеу қаласындағы «Экономика жоғары мектебі» ұлттық зерттеу университеті Менеджмент жоғары мектебінің іскери әкімшілік Докторы (DBA) дәрежесін алды. 1994 — 2012 жылдары Германия, Франция, Ұлыбритания, Бельгия, Голландия, Венгрия, Эстонияның оқыту орталықтарында менеджменттен арнайы оқу курстарын тәмәмдаған. 2013 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми-педагогикалық машықтанудан өтті, Беркли университетінің бизнес мектебі, Сан-Франциско, АҚШ, «Педагогикалық диагностика, білім беру сапасын бағалау және басқару».

Еңбек жолын 1980 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің механика және қолданбалы математика факультетінде оқытушылықтан бастаған. 1989-1996 жж. Алматы Менеджмент Мектебінің (АлММ) негізін қалаушы және бас директоры болды. 1996 — 2002 жж., одан кейін 2009 жылдан бастап 2014 жж. дейін Халықаралық Бизнес Академиясының (ХБА, бұрынғы АлММ) негізін құрушы және президенті болды. 2014 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін – Almaty Management University президенті (бұрынғы ХБА). 1994 — 2003 жж. менеджментті дамытудағы Орталық-Азия Қорының президенті болды (CAMAN). 1996-2002 жж. Қазақстан өнеркәсіпшілері Одағы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан кәсіпкерлері Форумы Кеңесінің мүшесі. 1998 — 2002 жж. – «Сорос – Қазақстан» Қоры Басқармасының мүшесі. 1998 — 2003 жж. – «INTERMAN» — Басқаруды дамыту бойынша Бүкіләлемдік Ұйымы Кеңесінің мүшесі. 2000-2003 жж. – Басқарушылық білім беру сапасы бойынша Еуропалық Ұйым Кеңесінің мүшесі болды (EQUAL); Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін дамыту жөніндегі Қоғамдық Кеңес төрағасының орынбасары (2002-2004 жж.); мемлекеттік қызмет істері бойынша ҚР агенттігі Сараптау кеңесінің мүшесі (2011 — 2012 жж.); 2015 жылдан бастап KFMD – Менеджментті Дамыту Қазақстандық Қорының тең төрағасы. 2015 жылдан бастап қарқынды қоғамдағы менеджментті дамытудың Халықаралық қауымдастығы CEEMAN кеңесінің мүшесі болып табылады, 2016 жылдан — Алматы қаласындағы химиялық-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі Қамқоршылық кеңесінің мүшесі. Қоғамдық қызметпен белсене айналысты. ҚТҚҰҚ (Қазақстанның Тәуелсіз Қоғамдық Ұйымдарының Қауымдастығы) құрылтайшысы (1989ж.) болды, Қазақстанның Социал-демократиялық партиясы конференциясының төрағасы (1991 ж.); Республикалық Халық Партиясы Орталық кеңесінің мүшесі болды (1998-2001 жж.). Алматы қаласында даулы мәселелерді қарау және шешу жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары (2008-2012 жж.); Қазақстан Республикасы Үкіметінің дағдарысқа қарсы бағдарламасының мемлекеттік қаржының жұмсалуын бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі (2009- 2010 жж.); ҚР БҒМ-нің білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссиясының мүшесі (2010 ж.); «Нұр Отан» ХДП-ның даулы мәселелерді қарау және шешу жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары (2009 -2011 жж.). Қазақстан Республикасы БҒМ жанындағы жоғары оқу орнындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес мүшесі (2014 ж.), Үкіметтің жер мәселесі жөніндегі комиссиясының мүшесі (2016 ж.), Алматы қаласы Әкімдігінің жанындағы Іскерлік кеңесінің мүшесі (2016 ж.) Almaty Management University негізінде Қазақстанда алғаш рет кәсіпкерлік университет моделі құрылды. Негізгі кәсіби жетістіктері бизнес-білім беру саласымен және Қазақстанда менеджментті дамытумен байланысты. Қазақстандық бизнес-білім беру мен менеджментті әрі қарай дамыту бойынша салалық жүйелік бағдары мен пікірі бар сараптаушының мінсіз беделіне ие. Халықаралық және ұлттық алаңда спикер және модератор болып табылады. Республикалық және шетелдік журналдарда Қазақстанда менеджментті дамыту туралы 60-тан астам мақаласы бар. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Наградалары мен атақтары:  «People to People International» АҚШ – «Бирменгам алауы» халықаралық ұйымының наградасы (1997)  «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісі (1998)  «Баян-Өлгий Аймаг» медальі, Моңғолия (2010).  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай мерейтойлық медаль (2011)  «Құрмет» ордені (2013)  «Атамекен» ҰКП-ның «Іске адалдығы үшін» ІІ және І дәрежелі ордені (2013-2014)  «Институционалды басқару» санатындағы қарқынды қоғамның менеджментті дамытудағы Халықаралық қауымдастығының CEEMAN Champions Award наградасы (2014)  CMC басқару мәселелері бойынша сертифицияланған консультант (2015)  Қырғызстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының құрметті профессоры (2017).

IX Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 26-27 қазан 2017 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

Мектеп болашағы: университет тұрғысынан көзқарас

Біз 4.0, «ақылды» экономика атты жаңа индустриалды революция кезеңінде өмір сүрудеміз, өндірістік жаңарудың басты қозғаушы күші басқару үдерісін жаппай сандық жүйеге өзгерту және еңбекті жаңаша ұйымдастыру болып табылады. Мұндай түбегейлі түрлендіру әдістері орта және жоғары білімнің көп ғасырлар бойы қалыптасқан алаңын өзгертіп, мектеп пен университеттің қоғамдағы рөлі туралы ойлануға мәжбүрлейді, мұнда экономиканы басқаруда смарт-технология, жасанды жады басты орында тұрады. Қазіргі заманғы заманауи мектеп оқушылары мен студенттер Z ұрпағына жатады (1995 жылдан бастап туылған балалар), бұлар әлемдік жүйеге үздіксіз түрде, еш кедергісіз қосыла алатын, мүмкіндіктері мен сөйлесе алулары, ойлау қабілеттері шексіз жаһандық әлемнің алғашқы ұрпақтары болып табылады. Z ұрпағына жататын балалар бақытты балалар бақшасына барып, ашық мектептер мен инновациялық колледждерде білім алып, кәсіпкерлік университеттерде зерттеу жұмыстарымен айналысады. Алдағы 10-20 жыл уақытта біз жеке оқу траекториясына бағытталып жасалған жоғары білімді ұйымдастырудың түбегейлі өзгергендігін көретін боламыз, мұнда білім алушылардың когнитивтік, ментальды, физиологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып, болашақтағы мамандықтары жобаланатын болады. Студенттер өздері білім ала отырып, кез келген уақытта және әлемнің барлық қолайлы жерінде, орта ғасырлық университеттің аудиториясы болсын немесе виртуалды шындықтағы заманауи зертханаларда болсын басқаларды үйрететін болады. XXI ғасырдың мектептеріне мансап жолында жоғары құзіретті, білім алушыларға көмекші және фасилитатор бола білетін, тез бейімделетін және ынтымақтастықта жұмыс істей алатын педагогтар мен мектеп менеджерлері қажет. Болашақ мектептер «сандық азаматтарды» көшбасшылық қасиеттерге, қоғамға қызмет етуге, кәсіпкерлік қызметтің негізін тануға және жиналған тәжірибелері арқылы білімдерін сауатты түрде пайдаланып, оны басқаруға, міндеттерін жоспарлауға, келешекті стратегиялық тұрғыдан болжай білуге үйретулері тиіс. Мектеп педагогтары мен менеджерлері жаңа заман талаптарына сай болулары керек.«Технологиялық кәсіпкерлер» ұрпағын «ақылды» экономика жағдайында ойлап, жұмыс істеуге үйрету қажет, оларды инновациялық, жоғары технологиялық ғылыми идеяларға негізделген тез дамитын стартаптар құратын, интеллектуалды капитал жинақтайтын үрдіске дайындау қажет. Бұл үрдіске білім берудің жаңа экожүйесі жағдай жасауы тиіс. Мұның басты ерекшелігі ортақ мақсат үшін қоғам, мектеп пен университеттің жан-жақты ынтымақтастықта болулары, олар жаһандық бастамалар мен технологиялық серпіліс заманында жұмыс істейтін жаңа ғасырдың көшбасшыларын тәрбиелеп, оқыту үшін бірлесе жұмыс істеуде!