NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Тодд Шварц

Тодд Шварц Education.com компаниясының жетекшісі және негізін қалаушылардың бірі болып табылады.

Education.com – математиканы және оқу дағдыларын ерте жаста үйренуге мүмкіндік беретін ата-аналарға және оқушыларға арналған ресурстарды қамтамасыз ететін озық білім беру платформасы. Тодд технологияларды белсенді түрде қолданатын білім беруді қолдайды, сонымен қатар өз еңбектерін оқушылар мен мұғалімдердің өміріне жақсы жағынан әсер етуге арнайды. Тоддтың өз жұмысына бар ынтасын салуы Education.com-ға стартаптан әлемдегі ең ірі білім беру платформаларына айналуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта аталмыш ресурс 10 миллионнан астам үй мен сынып бөлмелерінде қолданылады. Кәсіпкер және тәжірибелі қызметкер ретінде Тодд Ask.com және directMass тәрізді жетекші компаниялар мен брендтерді құруға жаңа медиа мен идеяларды тартуда тәжірибесі мол. Тодд білім беру мен электрондық коммерциядан бастап интерактивті контент және жарнама құруға дейінгі әртүрлі категориялардағы компанияларды дамытуға ат салысқан. Тодд Мэриленд штаты Университетін өнер мамандығы бойынша тәмамдады және Колумбия университетінде оқытушы ретінде қызмет атқарды. Қазіргі уақытта Тодд өз жұбайымен және екі қызымен Бруклинде өмір сүруде.

VIII Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 27-28 қазан 2016 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

Сандық технологиялардың білім беруде алатын орны

Сандық технологиялар білім беруде уақыт өте келе маңызды орынға ие болуда, алайда Education.com-да Біз технологияларды мұғалімдер мен оқушыларға арналған тек көмекші құрал деп білеміз. Біз дұрыс әзірленген сандық технологиялардың мұғалімдер мен оқушылардың оқу процессінің тиімділігін едәуір арттырып, дағдыларды одан әрі шыңдауға уақыт қалдыратынына кәміл сенеміз. Коммуникация және оңтайландыру технологияларының (Еске салу және Google-сынып бөлмесі тәрізді) пайдаланушылар үшін ақпарат, мазмұн және бағалауды қолдануды оптимизациялайтыны сияқты, білім беру технологиялары да оқыту үдерісінің процедураларын жүзеге асыруға кететін жалпы уақыт мөлшерін едәуір азайтады. Сандық технологиялар қаншалықты дамыған және озық болса да, олар оқыту процессіне ат салысатын тұлғаларды ешқашан алмастыра алмайды (ата-аналарды, мұғалімдерді, тәлімгерлерді және администраторларды). Сандық технологиялар жоғарыда аталған тұлғалардың атқаратын рөлдерін кеңейтіп нығайтады.