XI NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясыя

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Джон Эллиот

Шығыс Англия Университетінің құрметті профессоры, Ұлыбритания


Джон Эллиотт — Ұлыбританиядағы Шығыс Англия университетінің білім беру және үздіксіз білім алу профессоры. Ол оқу бағдарламаларын әзірлеу және мұғалімдердің біліктілігін арттыру контекстінде іс тәжірибеде зерттеу теориясы мен тәжірибесін дамытуға қосқан үлесі үшін халықаралық деңгейде танымал. Сонымен қатар профессор Эллиот мұғалімдермен және мектептермен бірге сыныптағы сабақтарды зерттеуге арналған бірнеше гранттық зерттеу жобаларына жетекшілік етті. Ол Гонконг Білім беру институтында (2001-2006) кеңес беруші профессор және 2001-2006 жылдар аралығында оқу бағдарламаларын реформалауға қатысты стратегиялық дамыту жөніндегі Гонконг үкіметінің кеңесшісі болды. 2008-2010 жылдар аралығында Джон Эллиот сабақты зерттеу бойынша дүниежүзілік қауымдастықтықтың (WALS) президенті болды, сонымен қатар ол Гонконгта «жапон сабағын зерттеу» әдісін «шведтік ауытқу теориясы» мен Стенхаустың «мұғалім зерттеуші ретінде» деген идеясын біріктіретін екі топтық педагогикалық жобаларына тәуелсіз бағалау жүргізді. 2002 және 2003 жылдары Джон Эллиот Гонконг Білім беру институтының және Барселона Автономды Университетінің құрметті докторы атағына ие болды. 2014 жылдың қыркүйек айында профессор Джон Эллиот Швецияның Йёнчёпинг университетінің құрметті докторы атанды. 2011 жылы Ұлыбританияның әлеуметтік ғылымдар академиясының мүшесі болды. Джон Эллиотт сабақтарды зерттеу жөніндегі Дүниежүзілік қауымдастық журналының (WALS) «International Journal of Lesson and Learning Studies» («Международный журнал по исследованию уроков и обучения») негізін қалаушы және бас редакторы (2011-2016). Осы кезеңде журналды Scopus және Emerging Source Initial (ESCI) индекстері мойындады. Джон Эллиотт журналдың Консультативтік кеңесінің WALS атынан атқарушы редакторы және төрағасы болып табылады. Оның ең соңғы жарияланымдары — Routledge World Library of Educationalists сериясындағы ‘Reflecting Where the Action Is: The selected works of John Elliott’ (2007) және Найджел Норриспен бірге өңдеген ‘Curriculum, Pedagogy and Educational Research: The Work of Lawrence Stenhouse’, Routledge (2012) кітабы.