XI NIS Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы

Жүзден жүйрік спикерлер

Баяндамашылар

Йорам Харпаз

Бейт Берл Колледжінің аға оқытушысы, Израиль


Профессор Йорам Харпаз Израильдегі Бейт Берл коллежінің аға оқытушысы. Ол орта мектепте мұғалім, журналист, Бранко Вейс атындағы ойлауды дамыту институтының жобалық менеджері, сондай-ақ білім беру көшбасшылығы жөніндегі Мандел мектебінің директоры болды. Оның «Ойлауды үйрету» тақырыбындағы диссертациясы Гарвард университетінде шыққан және Еврей университетінде таныстырылған. Ол еврей тілінде жазылған алты кітаптың және ағылшын тілінде жазылған бір кітаптың авторы («Ойшылдар қауымдастығында оқыту және оқу: үшінші модель», Springer, 2014). Сонымен қатар, Иорам Харпаз білім берудің мақсаты, оқыту мен оқудың ерекшеліктері жайлы көптеген мақалалар жазды (олардың көпшілігі еврей тілінде). Оның ең соңғы кітабы («Оқу ортасының дизайны: іс-қимыл нұсқаулығы») еврей тілінде жарық көрді және ағылшын және қытай тілдерінде жарияланатын болды.

XI Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 24-25 қазан 2019 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

Ойшылдар қауымдастығында оқыту және оқу

Дәстүрлі мектептердегі жоғары деңгейде (тиімді, сыни және шығармашылық) ойлауды дамытуға бағытталған білім беру шаралары пайдасыз. Дәстүрлі мектептің құрылымы оқушыларға өз бетімен ойлауға мүмкіндік бермейді. Жоғары деңгейде ойлауды дамыту үшін дәстүрлі мектептің әдеттегі тәжірибесін өзгерту керек. Израильдегі Intel үшін Й. Харпаз әзірлеген Intel-lect School моделі осындай құрылымдық өзгерістерге қол жеткізуге ұмтылады («Ойшылдар қауымындастығында оқыту және оқу: Үшінші модель, Springer, 2014»). Intel-lect мектебі «сынып – ойшылдардың бірлестігі» деген балама түсінікке негізделген, яғни сынып — бұл нақты проблемаларды шешетін ойлау орталығы. Ойшыл адамдар қауымдастығында оқыту мен оқу үдерісі үш кезеңде өтеді: мұқият сұрақ, зерттеу және зерттеу нәтижелеріне негізделген жұмыс. Ұйымдастырушы ойшылдарға ашық, терең, қарама-қайшы, өзекті және практикалық шешімге бағытталған сұрақ қою арқылы ой толғанысқа түсу үшін қолайлы жағдай жасайды. Осы сұрақ негізінде оқушылар өздерінің зерттеу сұрақтарын құрап, топтарға бөлініп, өз жобасын жоспарлап, іске асыруға кіріседі. Үшінші кезеңде оқушылар өздерінің тұжырымдары мен идеяларын қорытындылап сөз сөйлейді. Презентацияда аталған балама мектептер мен сыныптардың жұмыс істеу теориясы мен тәжірибесі ұсынылады.

XI Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік Конференциясы, 24-25 қазан 2019 ж.: Пленарлық отырыстағы баяндама

Жаңа оқу ортасын құрудың алты қадамы

Бұл презентацияның мақсаты — педагогикалық және стратегиялық ойларды көрсету. Презентация білім беру саласында ең көп талқыланатын үш ағартушы мета-парадигмаларды теориялық тұрғыдан таныстырудан басталады. Бұдан кейін автор осы мета-парадигмалардың оқытудың алты аспектісінде — оқу жоспарында, оқыту мен бағалау әдістерінде, ұйымдық құрылым деңгейінде, оқу ортасындағы көңіл-күй мен физикалық жағдайларда қалай жүзеге асырылатынын көрсетеді. Қорытындылай келе спикер бүкіл процесті практикалық тұрғыдан қарастырады. Презентация спикердің жақында еврей тілінде жарық көрген кітабына негізделген; кітапты ағылшын, қытай және араб тілдерінде де шығару жоспарланып отыр. Төменде ойлау жүйесін педагогикалық тұрғыдан қалыптастыру үдерісінің схемасы берілген.