XII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Отбасы, мектеп, қауымдастық: бала мүддесіне қызмет етеміз

онлайн, 2021 ж. 11-12 қараша

1. Абстрактіні рәсімдеуге қойылатын талаптар

Абстрактіңізді ұсыну үшін біздің онлайн жүйеміз арқылы төмендегі мәліметтерді жіберуіңіз қажет:

  • баяндамаңыздың атауы (20 сөзге дейін);
  • абстрактінің мәтіні (900 сөзге дейін);
  • қолданылған әдебиеттер тізімі (300 сөзге дейін);
  • жұмысыңыздың желілік бағыты (немесе бағыты);
  • формат (секциядағы презентация немесе постер).

Негізгі талап – баяндама мектепке дейінгі оқыту мен орта білім беру салаларында жүргізілген зерттеудің нәтижелерін қамтуы керек.

Ұсынылған абстракт келесі критерийлер бойынша бағаланады:

  • баяндау тілінің анық және түсінікті болуы;
  • зерттеу жұмысының бірегейлігі мен маңыздылығы;
  • зерттеу жұмысының эмпирикалық және аналитикалық сипатта болуы (сипаттамалы түрде болмауы керек);
  • абстрактінің құрылымы: контекст, зерттеудің мақсаты мен сұрақтары, теориялық негіздері, әдістемесі, авторлардың нәтижелері мен қорытындылары;
  • қолданылған әдебиеттердің нақтылылығы мен бірізділігі.

Ұсынылған зерттеу жұмыстарды білім беру және зерттеу салаларының шетелдік және отандық сарапшылары мүше болатын Академиялық комитет бағалайтын болады.

Комитеттің шешімі 2021 жылғы 10 қыркүйекке дейін сіздің поштаңызға жіберіледі.

Абстрактіні жіберу үдерісі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда submissions (@) nis.edu.kz электронды поштаға хабарласуыңызға болады.

2. Конференцияда сөз сөйлеуге қойылатын талаптар

Егер сіздің абстрактіңіз қабылданса, онда келесі әрекеттерді орындауыңыз қажет:

  1. 2021 жылғы 20 қыркүйекке дейін конференция бағдарламасына еңгізу үшін тақырыбыңызды үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) жолдау submissions (@) nis.edu.kz (осы хатқа жауап ретінде) электрондық пошта арқылы жіберу;
  2. презентацияны үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) дайындау;
  3. презентацияларды PDF форматында сақтау;
  4. 2021 жылғы 10 қазанға дейін презентацияларды submissions (@) nis.edu.kz электронды поштасына жіберу;
  5. конференцияға қатысу үшін conferences.nis.edu.kz сайтында тіркеуден өту.

Егер сіздің абстрактіңіз қабылданып, ал сіз белгілі бір себептермен конференцияға қатыса алмасаңыз, онда ол туралы мүмкіндігінше submissions (@) nis.edu.kz электронды поштаға ертерек хабар беруіңізді сұраймыз.

Сөз сөйлеу бойынша уақыт тәртібі Конференцияның бағдарламасында көрсетілетін болады.

Конференцияға қатысу сізге өз зерттеу жұмысыңызды мақалалар жинағында жариялауға мүмкіндік береді. Ол үшін жұмысыңыз академиялық тексеруден өту керек және жариялау талаптарына сай болуы қажет. Толық ақпаратпен 4-бөлімде таныса аласыз.

Ignite Talk

Назар аударыңыз!

Уақытты үнемдеу және сессияларға үлкен динамика беру мақсатында дәстүрлі презентация форматына балама ретінде Ignite Talks форматында презентация жасауды ұсынамыз!

Бұл формат конференциялар мен форумдар сияқты іс-шараларда танымал бола бастады.

Ignite-Talks -тың бекітілген форматы бар, оның аясында cпикер әр 15 секунд сайын автоматты түрде ауысатын 20 слайд дайындай алады. Зерттеулерге негізделген осындай презентациялардың мысалдарын келесі сілтемелерден табуға болады:

https://www.youtube.com/watch?v=R2jI8EpP41E

https://www.youtube.com/watch?v=8CtC_qbQ51U

Барлық Ignite-Talks презентациялары секциялық отырыстар кезінде тыңдаушылардың аудиториясы мен сессия модераторының қатысуымен өтеді, презентациядан кейін негізгі мәселелерді талқылауға болады (5 минут ішінде).

Егер сіз Ignite Talk форматында презентация жасағыңыз келсе, 20 қыркүйекке дейін бізге хабарлаңыз, біз сізге презентацияны рәсімдеу бойынша нұсқаулар жібереміз және сізді осы форматта презентация жасайтыныңыз туралы ақпаратты конференция бағдарламасына енгіземіз.

3. Постерлерді рәсімдеуге қойылатын талаптар

Егер сіздің абстрактіңіз қабылданса, онда келесі әрекеттерді орындауыңыз қажет:

  1. конференцияға қатысу үшін https://conferences.nis.edu.kz сайтында тіркеуден өту;
  2. төмендегі нұсқауларға сай постерді дайындау

Постер сіздің өткізген зерттеу (не шағын зерттеу) жұмысыңызға жасалған шолуды және зерттеуге қатысты мәліметтер талдамасын қамтуы қажет. Постерді конференция өтетін үш тілдің (қазақша, орысша, ағылшынша) бірінде, яғни абстрактіні жазғанда қолданған тілде дайындай аласыз.

Постеріңіз көзге жағымды және функционалды болуы қажет.

Өз постеріңізді қалаған бағдарламада жасауыңызға болады. Стандартты шешім ретінде PowerPoint бағдарламасы қолданылады.

Постер форматы: парақ бағыты тігінен, А3; қаріп мөлшері 28 пт кем емес.

Постердің құрылымы келесі бөлімдерді қамтуы қажет:

  • тақырыптың мақсаты мен маңыздылығы;
  • тақырыптың мақсаты мен маңыздылығы;
  • зерттеу сұрақтары;
  • әдіснамасы;
  • нәтижелері;
  • қорытындылары;
  • қолданылған әдебиеттер тізімі (постер кеңістігін үнемдеу үшін әдебиет тізімін QR-кодты қолданып көрсете аласыз);
  • видео-презентацияға сілтеме.

Постердің үлгілері: [1], [2].

Постерді ұсыну үшін келесі әрекеттерді орындауыңыз қажет:

1) файлды PDF форматында немесе кескін (JPG / PNG) түрінде сақтау;

2) 5 минуттан аспайтын бейне сүйемелдеу түсіру:

  • бейне сипаттамасы: тұнықтығы – 1920х1080; секундына 30 кадр; бейненің қысқарту стандарты Н264, дыбыс форматы AAC 320 kbs;
  • видеоны жазғаннан кейін YouTube-қа жүктеу (қосымша көмек қажет болса, нұсқаулықпен таныса аласыз);
  • видеоға арналған сілтеме мерзімі шексіз және үнемі қолжетімді болуы қажет.
  • постерде видеоға сілтеме міндетті түрде болуы қажет (сілтемесіз постерлерді қабылдамаймыз).

3) PDF, JPG немесе PNG форматындағы постерді және YouTube бейнесіне арналған сілтемені submissions (@) nis.edu.kz электронды поштасына жіберу. Хат тақырыбын «Постер. Тақырып атауы» түрінде көрсету.

4) Постерді және оның бейне сүйемелдеуін ұсынудың соңғы күні – 2021 ж. 5 қазан.

4. Мақалаларды жинақта жариялауға қойылатын талаптар

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытындысы бойынша баяндамалар жинағын шығару жоспарлануда.

Келесі жағдайда зерттеу жұмысын жинақта жариялауға болады:

  • рецензия қорытындысы бойынша оң жауапқа ие болу;
  • зерттеу жұмысы конференцияның бағдарламасына қосылса.

Өз жұмысыңызды конференция жинағында жариялағыңыз келсе, зерттеу жұмыстарын 2021 жылғы 12 қараша, сағат 23.00 (Нұр-Сұлтан уақытымен) дейін келесі электронды пошталарға жіберуді сұраймыз:

  • abdigalikyzy_u@cpm.kz (қазақ тілінде жазылған мақалалар үшін)
  • panakshina_n@cpm.kz (орыс тілінде жазылған мақалалар үшін)
  • niyazbekova_g@cpm.kz (ағылшын тілінде жазылған мақалалар үшін)

Мақалаға қойылатын талаптарды (үш тілде) осы сілтеме арқылы басып алуыңызға болады.