Спикер туралы ақпарат

Андреас Шляйхер

ЭЫДҰ 

Андреас Шляйхер – Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) Білім беру мен дағдылар департаментінің жетекшісі. Ол Оқушыларды бағалаудың халықаралық бағдарламасы (PISA) мен басқа халықаралық аспаптарға бастамашылық жасады және қазір жетекшілік етеді. Осы аспаптар әлем саясаткерлері, зерттеушілері мен оқытушылары үшін білім беру саясаты мен практикасында инновация мен өзгеріс жасауға жаһандық платформа ұсынады.

Ол 20 жылдан астам әлемдегі білім саласында министрлер мен көшбасшылармен бірлесіп, білім берудің сапасы мен баршаға теңдігін жақсарту бойынша жұмыс жасады. АҚШ бұрынғы білім министрі Арне Дунканның айтуынша, “Шляйхер жаһандық мәселелер мен сын-тегеуріндерді мен танитын адамдармен бірдей деңгейде түсінеді, ал кейде одан да артық біледі және ол әрқашан да шынын айтады”. Шляйхер неміс болып, Францияда тұрғанымен, Ұлыбританияның бұрынғы мемлекеттік хатшысы Майкл Гоув оны “ағылшын білім беруіндегі ең маңызды адам” деп атады.

Ол Германияда физиканы оқып, Аустралияда математика мен статистика дәрежесін иеленді. Шляйхер – сан-алуан сыйлардың иегері, оның ішінде “үлгілі демократиялық қатысым” үшін Германия Федеративті Республикасы алғашқы президентінің атынан ұсынылған Theodor Heuss жүлдесі. Гейдельберг университетінің құрметті профессоры лауазымына ие.

Спикердің баяндамалары

 

Дата: 12.11

Время:

10:00 – 12:00
Нұр-Сұлтан уақыты

Пленарлық отырыстағы сөз

Отбасы, білім және қоғам.