Спикер туралы ақпарат

Дейл Джонсон

АҚШ

Дейл Джонсон – Аризона мемлекеттік университетінің Дизайн институтының сандық инновациялар жөніндегі директоры. Ол университет басшыларымен студенттерге жетістікке жетуге мүмкіндік беретін сандық шешімдерді әзірлеу және енгізу бойынша жұмыс істейді. Осы бағыттағы жұмысы оған 2016 жылы Салли М.Джонстон WCET марапатына ие болуға мүмкіндік берді, яғни бұл оның зияткерлік көшбасшылығын, көрнекті практикалық дағдылары мен көшбасшылық қабілеттері сарапшылар мойындаған деген сөз. 2018 жылы адаптивті бағдарламалық жасақтама тәжірибешілер қауымдастығында  көшбасшылық қасиеті үшін IMS Global Learning Consortium-ға марапатына ие болды.

Джонсон мырза Жоғары білім берудегі цифрлық инновациялар тақырыбы бойынша АҚШ, Руанда, Бразилия, Оңтүстік Корея, Германия, Мексика, Ресей және Вьетнамда өткен 20-дан астам конференцияларда сөз сөйледі, сондай-ақ осы тақырып бойынша көптеген университеттерде семинарлар өткізді. Дейл Джонсон – дизайн ғылымдарының бакалавры (Аризона Мемлекеттік Университеті) және мемлекеттік саясат магистрі (Гарвард университеті). Оның оқу жолы дизайн, инженерия және білім беру саясатындағы мүдделерін біріктірді. Бос уақытында ол саяхаттауды және құрылысты ұнатады. Ол 40-тан астам елде болды, Барселонада Ротари қорының елшісі ретінде бір жыл білім алды және Финиксте күн батареяларына негізделген өзінің жеке үйін салды.

Спикердің презентациялары

 

Күні: 11.11

Уақыты:

14:00 – 15:30
 Нұр-Сұлтан уақыты

Пленарлық отырыстағы сөз

Оқушыларды жетістікке жетелеу үшін жаппай дербестендіруді қолдану

Білім берудің ХІХ ғасырғы жаппай өндіріс моделінен ХХІ ғасырғы жаппай дербестірілген моделге көшу үшін не жасау керек? Ақпарат дәуірінде оқушылардың табысқа жетуін қамтамасыз ету үшін педагогика мен технология салаларында өзгеріс қажет. Технология тұрғысынан өміріміздің көптеген салаларын дербестірлендіруде жасанды интеллекттің рөлі орасан зор. Медицинадан мен өндіріске дейін «ақылды» жүйелер дербестірілген шешімдерді әр адамның қажетілігінде бейімдейді. Алайда, педагогикалық тұрғыдан жаппай дербестірлендіру әлі де тәжірибелік деңгейде тұр және кеңінен тараған жоқ. Осы сессия аясында біз оқыту мен сабақ берудегі трансформацияны қолдайтын не оған бөгет ететін факторлар мен Аризона штатының университетінде жаппай дербестірлендіру нәтижесін қарастырамыз.