Спикер туралы ақпарат

Доминик Уайз

Ұлыбритания

Доминик Уайз – Лондон колледж университеті Білім беру институтының мектепке дейінгі және бастауыш білім беру профессоры. Британдық педагогикалық зерттеулер ассоциациясының президенті және Хелен Хэмлин Педагогикалық орталығының (0-11 сынып) негізін қалаушы директоры. Доминик әлеуметтік ғылымдар академиясының және Өнерді, өндірісті және сауданы ілгері бастыру бойынша Корольдік қоғамдастығының мүшесі.

Доминиктің негізгі зерттеу саласы – куррикулум және педагогика. Оның зерттеулері өмір бойы жазу, оқу, сауаттылық пен креативтілік педагогикасын түсінуге ат салысты (мысалы, Cambridge University Press  басып шығарған «Жазу қалай қызмет етеді: Әліпбидің бастамасынан әлеуметтік желілердің пайда болуына дейін» және  SAGE басып шығарған «Жақсы жазу нұсқалығы»). Доминиктің зерттеу, саясат пен практика қиылысындағы жұмыс тәжірибесі зор (мысалы, BERJ Британдық білім беру зерттеулерінің журналында басып шығарылған «BERA практикалық зерттеу жобасы» немесе «Тәжірибелік зерттеу мен білім беруде “не істейді?”: жазуға арналған грамматика мысалы»). Қазіргі кезде сыртқы көздері арқылы қаржыландырылған зерттеу арасында Хелен Хемлин педагогикалық орталығы (0-11 жас); «Грамматика мен жазу» жобасы; «Ұлттық куррикулумдағы баланың дауысы» жобасы (Leverhulme Trust). Оқушылар, мұғалімдер мен оқытушыларға арналған бестселлер кітап шығарды, олардың арасында 2018 жылы Routledge басып шығарған «Ағылшын тілі мен сауаттылықты оқыту», 4-басылым («Оңтүстік Африка оқушылары үшін арнайы басылым»). 2012-2018 аралығында Доминик BERA Curriculum Journal редакторы қызметін атқарды.

Білім беру институтында жұмыс бастамас бұрын Доминик Кембридж университетінің аға оқытушысы болды. Сонымен қатар ол Кембридждің Черчилль колледжінде Музыка жазу бойынша алғашқы директор болып тағайындалды. Доминиктің музыка саласындағы үлкен тәжірибесі Корольдік музыка академиясында оқыған уақытытан бастау алады. Доминик Кембридж университетіне дейін Ливерпульдің Джон Мур университетінде дәріскер болды, сондай-ақ Лондон, Брэдфорд және Хаддерсфилд балабақшалары мен бастауыш мектептерінде жұмыс тәжірибесі бар оқытушы болды.

Доминик ірі халықаралық компаниялар мен үкіметтердің кеңесшісі ретіндегі тәжірибесі зор. Ол бірнеше рет сот істерінде сарапшы-куәгер ретінде сөз сөйледі. Қауым палатасы өз тергеулерінде Доминикті куәгер болып түсінік беруге шақырды (ең соңғы тергеу – бастауыш мектептердегі бағалау мәселелері туралы). Ол сондай-ақ BBC Newsnight, BBC Radio Four Today, the Times Educational Supplement, the Guardian, The Economist және the Times сияқты бұқаралық ақпарат құралдарында сарапшы ретінде шақырылып, сөз айтты.

Спикердің презентациялары

 

Күні: 12.11

Уақыты:

14:00 – 15:30
 Нұр-Сұлтан уақыты

Пленарлық отырыстағы сөз

Балалардың мүддесі және куррикулум

Ұлттық оқу бағдарламалары (куррикулум) көптеген елдерде білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлшегіне айналып жатыр. Бұл арада куррикулум жайында басты сұрақ – куррикулумның кешені мен мазмұнын құрайтын тұлғаларды анықтау. Ең маңызды тұлғалар ретінде оқушылар саналуы керек, дегенмен оқушылардың даусы ұлттық бағдарламаны құрастырған кезде ескерілмейді.

Ұлттық куррикулумның мазмұнын талдау үшін куррикулум мәтінін зерттеуге болады. Осы презентацияның басында балалардың мүддесіне анықтама беріледі. Содан соң бірнеше елде өткен зерттеудің нәтижесі, оның ішінде ұлттық куррикулум мәтіндерінің мазмұнын талдау нәтижесі ұсынылады. Балалардың мүддесі мәтінде көрініс тапқан не таппаған жолдары талқыланады. Балалардың мүддесін болашақта зерттеу және жетілдіру жолдары қорытындыда беріледі.

 

Күні: 11.11

Уақыты: 

15:45 – 16:30
 Нұр-Сұлтан уақыты

Мастер-класс

Бастауыш мектепте өткен өмір сабақтары: Тәжірибеге жақындатылған зерттеу

Зерттеу деректері мен іс жүзінде, саясат құрған кезде шығатын шешімдер арасындағы байланыс – бүгінгі таңда үлкен пікірталасқа себеп. «Тәжірибеге жақындатылған зерттеу» сөз тіркесі білім беру саласында практиктар мен зерттеушілер арасындағы ынтымақтасуға негізделген зерттеуге қатысты қолданылады. Бұл зерттеудің маңызды тұсы – бастауыш сынып оқушыларын тиімді оқыту жолдарын анықтауда зерттеудің қандай пайдасы бар, қандай пайдасы жоқ екенін жалпыға бірдей түсінікті болуы. Бұған мысал ретінде 1980 жж. кең тараған жазуды оқыту тәсілі келтіріледі. Бұл тәсілдің тарихы және кейінгі зерттеуге негізделген деректер тиімді тәжірибе туралы және оның зерттеумен байланысы туралы ой саларлық мәлімет береді.