Спикер туралы ақпарат

Игал Розэн

АҚШ

Доктор Игал Розен – BrainPOP ұйымындағы AI & Data Science бағыты бойынша аға вице-президенті. Оның бөлімі инновациялық бағалауды құрастырумен және әзірлеумен,  жеке оқытуға арналған AI/ML мүмкіндіктерімен, сонымен қатар BrainPOP өнімдері мен қызметтері аясында баланы жан-жақты қолдауға негізделген деректер туралы ғылыммен айналысады.

BrainPOP-тағы қызметінен басқа, Игал 2022 жылы ЭЫДҰ-ның халықаралық оқушыларды бағалау бағдарламасы (PISA) үшін креативті ойлауды бағалау жобасының директоры болып табылады. BrainPOP-қа келмес бұрын, Ийгал ACT, Пирсон және Гарвард университетінде ғылыми-зерттеу топтарын басқарды. Игалдың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмысын Lego, Apple, Microsoft, Intel, Ұлттық ғылыми қор, АҚШ білім департаменті және Израильдің білім департаменті сияқты өнеркәсіп, технологиялық және мемлекеттік органдар қолдады. Игаль Гарвард Университетінің жоғары білім беру мектебінде оқыту технологиялары мен бағалаудың инновациялық дизайнынан сабақ берген және мектеп қабырғасында 5-12 сыныптарда информатика, физика, робототехника және математика пәндерінен сабақ беріп, тәжірибесін шыңдаған. Ол PhD дәрежесіне ие. Хайфа университетінің ғылым және өлшеу саласындағы дәрежесін университеттің ең жас докторы атағымен алған болатын. Игал Гарвард университеті мен Тель-Авив университетінің аспиранты болған.

Спикердің презентациялары

 

Күні: 11.11

Уақыты:

14:00 – 15:30
 Нұр-Сұлтан уақыты

Пленарлық отырыстағы сөз

Оқушылардың кретивтілігін дамыту: Мұғалімдер мен ата-аналар жан-жақты тәсілі

Креативті ойлау болашақта аса маңызды дағдылардың бірі. Оның маңыздылығы жұмыс орнында, жеке және қоғамдық өмірде, сонымен қатар креативті ойлауды мектепте дамыту кезінде тап болатын сын-қатер арқылы түсінеміз. Бұған және бір дәлел – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының 2022 жылы өткізетін PISA Білім алушылардың жетістігін халықаралық бағалау бағдарламасында креативті ойлау бойынша инновациялық бағыт енгізуі. Осы презентация креативті ойлаудың зерттеуге негізделген біліктілік моделіне шолуды және оқыту дизайнын жасаудағы ескеретін жағдаяттарды ұсынады. Сонымен қатар, ұстаздар мен ата-аналар тарапынан мектепте креативті ойлауды дамыту үшін қажетті когнитивті және әлеуметтік-эмоциялық дағдыларды қолдайтын оқу бағдарламасын әзірлеу талқыланады.