Спикер туралы ақпарат

Пак Ти Ң

Сингапур

Пак Ти Ң – Сингапурдағы Наньяң технологиялық университеті Ұлттық білім беру институтының доценті.

Пак Ти Ң – мектеп пен көшбасшы мұғалімдердің дамуына белсенді қатысатын сингапурлық оқытушы. Ол білім алып жатқан және жұмыста және өмірде көшбасшылық арқылы өзгелердің құндылықтарын дамытуға бағыт алған оқытушыларға дәріс беруді мақтан тұтады. Оқытушыларды махаббат, батылдық пен төзімділікті негізге алып, оңай берілмейтін жолдарды таңдауға шақырады.

Пак Ти өз мансабын отанынан алған стипендиясының арқасында Кембридж университетінде математика мұғалімі ретінде бастады. Білім министрлігінде біраз уақыт қызмет жасап, Ұлттық білім беру университетінде академик лауазымына иеленді. Ұлттық білім беру университетінде декан орынбасары, Саясат пен көшбасшылықты академиялық зерттеу тобының басшысы болып жұмыс жасады. Оның негізгі жұмысы білім берудегі өзгеріс пен көшбасшылыққа арналған.

Пак Ти – жүзден астам баспаның авторы немесе бірлескен авторы. Халықаралық БАҚ оның білім берудегі өзгеріс жайлы пікірін көздейді. Ондаған халықаралық рецензияланған журналдардың атқарушы редакторы, бірлескен редакторы немесе редакциялық кеңесшісі ретінде қызмет атқарды және қазіргі кезде оннан астам журналдың редакциялық алқасына мүше. Routledge Leading Change кітаптарының бірлескен редакторы және Routledge басып шығарған «Сингапур сабақтары: парадокстар қуаты» бестселлерінің авторы. Пак Ти көптеген халықаралық іс-шараларда сөз сөйлеуге шақырылады, олардың ішінде: Google жаһандық білім беру симпозиумы, Yidan Prize саммиты, Халықаралық бакалавриаттың жаһандық конференциясы, Гарвард университеті Жоғары білім беру мектебінің Жаһандық білім берудегі инновация мен бастама конференциясы. Қазіргі уақытта Шотландияның Халықаралық білім беру кеңесшілер ұйымының мүшесі және Кембридж университетінің Клер Холл өмірлік мүшесі.

Пак Ти – көптеген сыйлық иегері: білім беру саласындағы жетістіктері мен қызметі үшін Үкіметтік басқармасының қола медалі, Азия-Тынық мұхит білім беруді зерттеу ассоциациясының Үздік үлес қосқаны үшін сыйлығы. Наньяң технологиялық университеті Педагогикалық шеберлік академиясының ғылыми қауымдастығына мүше.

Спикердің презентациялары

 

Күні: 11.11

Уақыты:

10:00 – 12:00
 Нұр-Сұлтан уақыты

Пленарлық отырыстағы сөз

Сингапур білім беру жүйесін оқушының мүддесіне бағыттау: Мектеп пен қауымдастық

Сингапурдың білім беру жүйесі оқушыны ортаға қоятын парадигмаға көшіп жатыр. “Сингапур сабақтары: Парадокстар күші” кітабында Пак Ти Ң осы өзгерістің оқушы жетістіктері жоғары елдердің бірі, Сингапур үшін соншалықты неге маңызды екенін түсіндіреді. Сингапурдың жан-жақты білім беруге ұмтылысымен қатар мектептердің отбасы мен қоғаммен бірлесіп, қолдау жасағаны маңызды. Бұл – үлкен сын-қатер. Пак Ти Ң осы бірлесіп қызмет атқарудың пандемияға дейін, оның кезінде және одан кейін мәнді және мақсатты өзгеріс жасауға деген көмегі туралы айтады.

 

Күні: 11.11

Уақыты:

15:45 – 16:30
 Нұр-Сұлтан уақыты

Мастер-класс

Мұғалімдер көшбасшылығының маңыздығы: Аз оқытып, көбірек оқыңыз

Осы семинар аясында, “Сингапур сабақтары: Парадокстар күші” кітабына негізделіп Пак Ти Ң Сингапур білім беру жүйесі сан орнына сапаға мән беріп куррикулум, мектептегі оқыту мен сабақ беруді қалайша жақсартатынын түсіндіреді. Пак Ти Ң осы үдерістегі негізгі табыс көздері, реформадағы қиындықтар мен сабақтармен бөліседі. Нақтырақ айтсақ, оқушылар “көп оқитындай” мұғалімдер “аз оқытады”. Сингапурдың ең басты сабағы – осы өзгерісті іске асырудағы мұғалім көшбасшылығының маңыздылығы.