Спикер туралы ақпарат

Питер ван Люзен

Питер ван Люзен – EdPlus-тегі студенттердің оқу тәжірибесі мен жетістіктері жөніндегі, Аризона Мемлекеттік Университетіндегі Дизайн және Даму бөлімінің директоры. Оның оқу дизайнындағы соңғы жобалары бейімделгіш оқу бағдарламалары мен оқу құралдарын әзірлеудегі ынтымақтастықты, шет тіліндегі MOOC-ті дамытуды және кең аудиторияға инновациялық цифрлық білім беру технологияларын ілгерілетуді қамтиды.

Аризона университетіне келгенге дейін Питер Индиана университетінің білім беру мектебінде оқу мәселелері бойынша кеңес беру бөлімінде директордың көмекшісі болып жұмыс істеді, ал одан бұрын орта және жоғары мектепте неміс тілінен сабақ берген. Питер Блумингтон, Индиана университетінде білім беру жүйелері технологиясы бойынша PhD дәрежесін алған. Оның ғылыми қызығушылықтары профессорлық-оқытушылық құрамды дамыту, оқу технологиялары, оқу бағдарламаларының дизайны және инновациялық оқыту мен оқу оффлайн, гибридті және онлайн форматтарда оқытуды қамтиды.

Спикердің презентациялары

 

Күні: 11.11

Уақыты:

12:00 – 13:00
 Нұр-Сұлтан уақыты

Мастер-класс

Болашақ мектебін қолдау

Мектептер пандемияға жауап қайтару, болашақ жұмыскерлерді дайындау, жаңа технологиялар мен жаңа оқыту моделдерін енгізулері қажет. Өз салаларында мұғалімдер өз пәндік салалары бойынша сарапшы деңгейіне жеткенмен, жаңа оқу бағдарламалармен танысуға және сыныпта оны қолдану жолдарын зерттеу үшін уақытқа тапшы. Оқуды құрастырушылар сан-алуан жағдайға арналған тиімді әрі тартымды оқу тәжірибесін жүйелі түрде құру үшін әдістер мен дағдыларға үйретеді.
Осы сессия аясында оқу бағдарламаларын құрастыру бойынша нақты үдеріспен және қазіргі білім беру практикаларын өзгерту үшін ұстаздармен әрекеттесу стратегияларымен бөлісеміз. Сонымен қатар біз оқушыға бағытталған оқытуды дамыту тәсілдерін, жаңа технологиялардың педагогикаға деген әсерін және өлшемеулі (деректерге негізделген) нәтижеге жетуді талқылайтын боламыз.