Intellectual Podcast №4

Педагогикалық инстинкт: мектепке дейінгі жастағы балаларды үйде әрі мектепте тиімді оқыту

 

Доминик Уайзға және Хелен Хэмлин атындағы Педагогикалық орталығына Intellectual Podcast шығарылымына қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз.

Доминик Уайз – Лондон колледж университеті Білім беру институтында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру профессоры, Хелен Хэмлин атындағы Педагогикалық орталығының негізін қалаушы директоры және Британдық білім беру саласындағы зерттеулер ассоциациясының президенті. Профессор Уайз әлеуметтік ғылымдар академиясының және Өнерді, өндірісті және сауданы ілгері бастыру бойынша Корольдік қоғамдастығының мүшесі. BBC Newsnight, BBC Radio Four Today, The Times Educational Supplement, The Guardian, The Economist және The Times сияқты бұқаралық ақпарат құралдарында сарапшы ретінде шақырылады. Профессор Уайздың “Бастауыш мектеп мұғалімі болу: ұстанымдары мен қағидалары” кітабы қазақ және орыс тілдеріне аударылды және бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындауда қолданылады.

Әлемдегі жағдай білім берудің қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Ата-аналар өз балаларын бастауыш мектеп мұғалімдерінің және кейбір мектепке дейінгі ұйымдардың көмегіне сүйене отырып үйде оқытуға мәжбүр болды. Соның нәтижесінде бала біліміндегі пайда болған олқылықтарды толтыру қажеттілігі және жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалардың оқу прогресі туралы алаңдаушылық туындады. Баршамыз тап болған жаһандық пандемия салдарынан ата-аналардың өз балаларына және олардың білім алуына қаншалықты тиімді көмектесе алатыны, сонымен қатар білім беру ұйымдары ата-аналармен бірлесіп қаншалықты қызмет атқара алатыны туралы мәселелер туындады.

Профессор Уайздың айтуынша негізгі педагогика қағидалары ата-аналар мен ұстаздарға білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге үлесін қоса алады. Бірінші педагогикалық қағида балаларды оқыту негізі ретінде саналатын ауызекі тілді дамытумен байланысты. Балаларды туғаннан бастап 11 жасқа дейін оқытуға мамандандырылған Хелен Хэмлин атындағы Педагогика орталығының 12 қағидасы подкаст шығарылымында ұсынылған.