Intellectual Podcast №6
Жаңа шындық жағдайында балаларды оқыту аясында мектеп пен қоғамдастықтың рөлі қаншалықты өзгерді?
Intellectual Podcast-тың кезекті шығарылымында Вильнюс қалалық Кеңесінің депутаты, Білім және Мәдениет комитетінің мүшесі, Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің сарапшысы Дарюс Радкявичюс жаңа шындық жағдайындағы мектеп пен қоғамдастықтың рөлі туралы өз пікірімен бөлісті.
Дарюс мырза – Шектеу теориясы (Э. Голдратт) Халықаралық ұйымының сертификатталған сарапшысы, Литвадағы кітапқа мамандандырылған UAB Rgrupe консультациялық бизнес пен баспаның иесі. Сонымен қатар, ол – 3 шығармашылық жоба-кітап авторы – «Құдай, квантттық физика, ұйымдастырушылық кешен мен басқару стилі»; «Алтын дәуірді күтуде» (йога мен мәнді іздеу туралы); «Архетип айнасы ретіндегі стиль». Балаларға білім беру саласындағы жетекші көрегендермен «Болашақ мектебі және/не бақыт» сұхбат топтамасын өткізді.
Еуропалық контекстідегі, атап айтқанда Литвадағы мектеп білімінің жай-күйін талдап, Дарюс соңғы уақытта (Covid-19 дағдарысына да бұрын) қоғамдағы көзқарастар мен басымдықтардың өзгергенін атап өтті. Мысалы, ата-аналар мектепті білім беруден гөрі әлеуметтік қызмет көрсететін және балаларды әлеуметтендіруге және күні бойы қауіпсіз болуға мүмкіндік беретін институт ретінде қабылдауға бейім.
Карантин және қашықтан оқыту шарттары классикалық білімнің жаңа шындыққа бейімделе алмайтындығы аса өзекті мәселе екенін көрсетті. Балаға қашықтан форматта оқу қаншалықты қиын екенін бақылап, күніне бірнеше сағат монитордың алдында пассивті отыратынын байқап, Дарюс 8 жасар ұлына үй мұғалімі болуды жөн көрді.
Бұл Дарюсқа мектепте мұғалімдерді оқыту әдістемесін талдауға, үйдегі оқытуға арналған жеке жоспар құруға және баласының қажеттіліктеріне назар аударуға мүмкіндік берді. Дарюс пәнаралық білімді қалыптастыруға және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған интеграцияланған оқулықтың сапасын жоғары бағалады.
Сонымен қатар, Дарюс қашықтан оқыту кезінде танымның маңызды элементтері – оқушылардың мұғаліммен тікелей байланысы, құрдастарымен қарым-қатынасы және тағы басқалары туралы мысалдар келтіреді.
Шығарылымның соңында Дарюс болашақта мектеп пен қашықтықтан оқыту синергияда қалай қызмет ете алатынын туралы қорытынды жасайды.
Подкаст шығарылымы орыс тілінде дайындалған.
Recent Comments