Intellectual Podcast №5
Пандемияның білім беру үшін 6 сабағы
Intellectual Podcast келесі шығарылымының қонағы – Бостон колледжі Білім беру мектебінің профессоры Эндрю Харгривз.
Профессор Эндрю Харгривз – Бостон колледжі Білім беру мектебінің профессоры, Оттава универститеті Білім беру бойынша өзгеріс, сабақтасу мен инновация орталығының директоры, Гонконг университетіның құрметті профессоры, халықаралық деңгейде танымал ғалым, білім беру саласындағы көптеген кітап пен ғылыми мақалалардың авторы. Профессор Харгривз 30-дан астам кітап жазды, бірнеше әдебиет сыйларының иегері, Майкл Фулланмен бірге жазған «Кәсіби капитал» кітабы үшін мәртебелі Гравермайер сыйымен 2015 жылы марапатталды. Оның «Қозғалыс: Әлеуметтік мобильділік пен білім беру туралы мемуарлар» атты соңғы кітабын Solution Tree баспасы 2020 жылы наурыз айында шығарды.
Education Week рейтингіне сәйкес Энди АҚШ-тың білім беру саласындағы саясатын талқылаудағы әсері ең зор 20 үздік ғалымдар қатарына кіреді. 2015 жылы Бостон колледжі «Технологияларды қолдану арқылы оқытудағы үздік жетістіктері үшін» марапатын оған табыс етті. Қазіргі кезде профессор Харгривз «Journal of Professional Capital and Community», «Journal of Educational Change», «Curriculum Journal» секілді 19 ғылыми журналдың редакциялық алқасына мүше.
Осы подкаст шығарылымында профессор Харгривзтың басты тақырыбы – пандемия нәтижесінде пайда болған мүмкіндіктер, бұрын болмаған таңғаларлық инновациялар және пандемия кезінде жіберген қателіктерден шыққан сабақтар. Мәселен, Харгривз білім берудің экономикалық салдары, оқушылардың мектеп қабырғасына оралғаннан кейінгі әл-ауқаты, мемлекеттік білім беруді дамытуға арнайы көңіл бөлу қажеттілігі секілді тақырыптарды талқылайды. Сонымен қатар профессор Харгривз пандемиядан кейінгі кезеңде технологияның білім берудегі рөлі, балалардың өздігімен оқу маңыздылығы және жалпы пандемия кезінде мұғалімдер мен оқушылардың санасында орын алған сапалық өзрегістер туралы пікірімен бөліседі. Бұған мысал ретінде Харгривз барша әлем бойынша мұғалімдер арасында ынтымақтастықтың өскенін келтіреді.
Өз сөзінде профессор Харгривз дәстүрлі мектептерге, тұлға-аралық тілдесуге, мұғалім мен оқушы арасындағы бетпе-бет әрекеттесуге арнайы көңіл бөледі.
Профессор Харгривз тыңдаушылардың подкастты құштарлықпен тыңдағанын көздеп, слайдтарды әдейі қолданбайды.
#IntellectualPodcast тыңдаушылары Эндрю Харгривзтың сөзінен өздері үшін көптеген пайдалы ақпарат таба алатынына сенімдіміз.
Recent Comments